Дәстүрлі әнші Алтынгүл Бапар өнер жолына қайта оралды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәстүрлі әнші Алтынгүл Бапар өнер жолына қайта оралды

17.01.2019

«Алтай-Тарбағатай әндері» мектебін қалыптастырушы, дәстүрлі әнші Алтынгүл Бапар 27 жылдан кейін сахнаға қайта оралды. 27 жылдық үзілістің себебі не? Әнші мен кинорежиссер Ғазизхан Әділхан «Tansholpan»-ның қонағы болып, жоспарларымен бөлісті.

«Оқу бітіргеннен кейін тұрмысқа шықтым. Ол кез қиын уақыт еді. Өнерден алыстадым. Осылайша, уақыттың қалай өтіп кеткенін байқамай қалдым. Кейін өнерге қайта бет бұрайын деп Астанаға келген жайымыз бар.

Астанаға келгенде жолдасым дүниеден озды. Арманына жете алмады. Ол күйзелістен қайта келуіме тағы біраз уақыт кетті», дейді әнші.

«90-шы жылдары халық Алтынгүлдің «Балқадиша» әнін тыңдап, керемет қабылдады. Біз ғана емес, қазақтың ардақты ұлы Шерхан Мұртаза ағамыздың өзі бағалаған.

Кейін Алтынгүл көрінбей кетті. Оған сахнаға оралуына мен ұсыныс жасадым. Осылайша, 18 желтоқсан күні ол алғаш рет сахнаға шықты. Мамыр айында Алтынгүлдің жеке концерті өтеді», дейді Ғазизхан Әділхан.

 

Толық нұсқасы

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу