«Қарекетте» қазақтың ат бағу тәсілдері талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қарекетте» қазақтың ат бағу тәсілдері талқыланды

25.12.2018

 

Кеше «Қарекетте» қазақтың ат бағу тәсілдері талқыланды.

ҚР Парламенті Мәжілісінің Депутаты Бекболат Тілеухан, атбегі Оңдасын Сатыбалдиев, ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Ахмет Тоқтабай, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Амангелді Тұрабаев қонақ болды.

Бекболат Тілеухан: «Қазақ – жауынгер халық. Ат біздің сөздік қорымызға еніп кеткен. Ат жалын тартты, атқа мінді, ат төбеліндей, ат салысты, аттап баспады, ат құлағындағысын ғана көреді, ат жалын тартты... Айта берсек – көп. Қара көк тұқымы қазақтың селекциямен шыққан. Оны сәнге де, көкпарға да, бәйгеге де мінеді».

Оңдасын Сатыбалдиев: «16 жасымда оқудан гөрі, шешеме көмектесіп, ат үстінде жүрейін деп, жылқы шаруашылығымен айналысып кеттім.

Жылқы заводында өз тәсіліммен жылқы бағамын» дейді.

Профессор Ахмет Тоқтабай: «кеңес одағының кезінде жылқы шаруашылығы кері кетті. 1928 жылғы санақ бойынша, 4,5 млн. жылқы, 6,5 млн. халық болған, 1938 жылғы санақ бойынша 300 мың жылқы, 2,3 млн. халық қалған. ХІХ ғасырда казак-орыс атаманы: «Қазақ ат үстінде шапса, одан батыл адам жоқ, ат үстінде бәрін ұмытады» деген. Осыдан төрт жыл бұрын Мәскеудің жылқы зауытында болдым. Түріктің елшісі 1980 жылы былай айтқан екен: «Жылқы ықылым заманнан бастап, өркениетке тар жол, тайғақ кешіп келді. Енді жылқыны зерттеп, өркениетке қызмет етуі керек»,- деп.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу