Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына әнші Ғалымжан Жолдасбай келді
Оның «Ақ тілек» термесі Түркия Республикасының бірнеше партияларының гимні болған. Әнші осы туралы: «Facebook әлеуметтік желісінен менің орындауымдағы «Ақ тілек» әнін тыңдап, бейнебаяны мен әнін ұнатады. Осыдан кейін олар мені 2-3 ай іздейді. Бір күні Түркиядан қазақ жігіт хабарласты. «Осы әнге түрікше сөз жазып, айтсақ бола ма? деп, рұқсат сұрады. Мен бірден келісімімді бердім»,- деді әнші.
«Бітірген мамандығым бойынша, дәстүрлі әндерді зерттеп, жинақтап шығару мақсатында жұмыс істеп жатырмын. Терме-жырларды жарыққа шығаратын боламын»,- деп әнші сөзін аяқтады.