Бүгінде әлеуметтік желілерде «Алпамыс батыр» жырын оқу сәнге айналды. Әкімдер, қоғам қайраткерлері мен танымал тұлғалардан бастап, қарапайым адамдар да бұл трендке ілесті. Жыр оқушылар жырдан үзінді оқып, өз парақшасына жүктеп, өзгелерге жолдайды.
Елорданың №15 мектебінің оқушылары «Алпамыс батыр» жырын жаттап алған. Осы мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Мәншүк Раулдың айтуынша, «16 желтоқсан тәуелсіздік күніне орай, 16 оқушы осы жыр оқу эстафетасына қатысып отыр».
Осындай балалардың бірі – Ералы. 12 жастағы Ералы Бауыржанұлы осы трендті естіп, «Алпамыс батыр» жырын түгелімен жаттап алған. Ол «қайсар мінезді Алпамыс батыр сияқты болсам»,- дейді.
№3 балалар кітапханасының қызметкері Тоты Тұрдықанқызы «Алпамыс батыр» жыры алғаш 1899 жылы басылған. Сәкен Сейфуллин, Мұхтар Әуезовтер осы жырды зерттеп, хатқа түсірген»,- дейді.
«Алпамыс батыр» жырында Түрік қағанаты кезіндегі ұрыстардан бастап, қалмақ пен қазақ арасындағы шайқасқа дейін сипатталады.
Халқымыздың тұрмысы мен әдет-ғұрпы сипатталған жырдың насихатталуына сіз де үлесіңізді қосыңыз. Ол үшін, өз парақшаңызға жыр оқыған видеоңызды жүктеп, #тұлпармініпбәйгеалған деп жазсаңыз жеткілікті. Өз достарыңызға эстафетаны жолдауды ұмытпаңыз!