Белгілі суретші Амандос Ақанаев 70 жаста - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі суретші Амандос Ақанаев 70 жаста

19.11.2018

Көрнекті суретші, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Амандос Ақанаев 70 жасқа болды. Туған күн иесін «Таңшолпан» бағдарламасының ұжымы бірінші болып құттықтады.

Қазақ бейнелеу өнерінде Ақанаевтар династиясының орны ерекше. Үшбуын ұрпақ өнерін таныстыру үшін жақында көрме ұйымдастырылды. Ұрпақтар сабақтастығы осы болар.

«Жұбайым өнертанушы. Балаларымның барлығы танымал суретші. Олардың да балалары суретші.  Оларды ешкім сурет сал деп итермелеген жоқ. Өздерінің таңдауы. Ол кезде менің шеберханам болмаған. Үйде отырып сурет салатынмын. Балалар соған қарап үйренді.

Шығармашылық адамға күш береді. Төрт рет қиын ота жасаттым. Сонда маған өнерім күш берді. Ауруды жеңдім», - дейді суретші.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу