Жақында әлеуметтік желіде «1991 жылдан 2018 жыл аралығында жұмыс істеген қызметкерлер Қазақстанның Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 560 000 теңге көлемінде жәрдемақы алуға құқығы бар» деген мәлімет таратылды.
Осыған орай, студия мейманы «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ Ақпараттық қауіпсіздік қызметінің басшысы Азамат Серікбайұлы мәселеге қатысты сауалдарға жауап берді.
«Өкінішке қарай, бұл ақпарат түрлі мессенджерлер арқылы көп адамға тарап кетті. Ақпараттың мазмұнына тоқталасақ, 1991 жылдан 2018 жыл аралығында жұмыс істеген қызметкерлер жәрдемақы алуға құқығы бар дегеннен басқа, ақпарат астында сілтеме берілген. Ол сілтеме бойынша өзіңіздің тізімде бар-жоғыңызды қараңыз делінген. Ішінде сұрақ-жауап бар. Аяғында «сіз тізімде барсыз» деген хабарландыру шығады. Ол үшін белгілі мөлшерде ақша жіберуді сұрайды.
Біздің тараптан осы ақпаратты жоққа шығару мақсатында жұмыс жасалды. Басшылық атынан Құқық қорғау органдарына да хабарлама жіберілді. Студияға келу себебім де осы», - дейді қонақ.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.