Заманауи ойын алаңдары қашан қолжетімді болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заманауи ойын алаңдары қашан қолжетімді болады?

10.11.2018

Дамыған елдер спорттық алаңдар мен бұқараға қолжетімді орталықтарды көптеп ашуда. Адамы сау елде еңбек күші сарқылмайды, тиісінше, экономикасы көштен қалмайды.

Бұл бойынша алдыңғы сапта Солтүстік Америка мен Канада тұр. Мұхиттың арғы бетіндегі адамдардың 56 миллионы сағаттап спорт алаңдарынан шықпайды екен. Оларда 30 500 фитнес орталық бар. Бастысы, қаржысы қарапайым елге қолжетімді. Еуропаның 42 миллион тұрғыны спортқа тым жақын көрінеді. Олар 46 000 фитнес-клубқа барып шынығады.

Спортты серік қылғандардың ең азы Азияда тұрады екен. Мәселе мынада: бұқаралық спорт дамуы үшін жұрттың денсаулығын сақтайтын, қаржысы қалтаны қақпайтын орталықтар керек. Төрт қабырғадан ығыры шыққан үйдегі баланы қорықпай жіберетін, жарақтары заманауи ойын алаңдары керек. Бұл бағытта қордаланған мәселе мен қабылданған шешімдердің шетіне жетіп болмайсың. Бастысы, ел үшін не істелді? Елге енді не жетпей жатыр?

 

Толық нұсқа

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу