Қыруар қаржыға салынған еліміздегі спорт нысандары бос қалмай ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қыруар қаржыға салынған еліміздегі спорт нысандары бос қалмай ма?

10.11.2018

Бізде құрылысына кеткен қыруар қаржыға талай үйсізді үйлі, талай кедейді күйлі қылуға болатын спорт кешендері көп. Жаһандық жарыстарды қабылдағанда жұрттан кем болмасын деп, жарыса салдық. Қазақтың жері бүгінге дейін біраз маңызды спорттық шараларды шалдықпай өткерді. «Әттеген-айы», бүгінде көркі көз тартатын сол кешендер көпшілік үшін қолжетімсіз. Елбасы «спорттық кешендер қарапайым халыққа қолжетімді болсын, жұрт жаппай спортпен айналыссын», деп шенеуніктерге ескертпе де жасады.

Айталық, Солтүстік Кореядағы «Бірінші мамыр стадионы» әлемдегі ең ірі спорт кешені. 1989 жылы салынған ғимаратқа бір мезетте 150 000 адам сыяды екен. Екінші орында 120 000 жанкүйер жиналатын Үндістанның Калькутта қаласындағы «Солт-Лейк» стадионы. Теңбіл доптың тартысына арналған алаң 1984 жылы тұрғызылыпты. Үшінші Малайзияның «Букит Джалил» алаңы. 1998 жылы салынған спорт кешеніне бір мезетте 110 000 адам емін-еркін кіре алады.

Мәселен, Афинада 2004 жылы Олимпиада ойындары өтті. 22 нысан салынды. Өкініштісі, соның 21-і қазір қараусыз жатыр. 2016 жылы ғана футболдан Әлем чемпионатын қабылдаған Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласындағы тұтас қалашық қазір қаңырап, бос тұр. Қаржыдан шашау шығармайды дейтін Қытайда да осы ахуал. 2008 жылы өткен Жазғы Олимпиадаға 40 миллиард долларға спорт кешендерін салған. Қазір соларды шөп басып, бос жатыр. Біздегі алаңдар мен айдындар бұлардың кебін киіп қалмай ма?

 

Толық нұсқа

 

Еркін СЪЕЗҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу