Дәурен Бабамұратов: «100 жаңа есім» - таныла жүрмей жүрген азаматтарды танытуға мүмкіндік берген жоба - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дәурен Бабамұратов: «100 жаңа есім» - таныла жүрмей жүрген азаматтарды танытуға мүмкіндік берген жоба

07.11.2018

Елімізде «100 жаңа есім» жобасының екінші кезеңі басталды. Осыған орай саясаттанушы Дәурен Бабамұратов Алматы студиясының қонағы болды.

Дәурен Бабамұратов:

«100 жаңа есім» жобасын «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасынан бөлек алып қарауға болмайды. Рухани жаңғырудың кіші алты бағдарламасы бар. Соның бірі - «100 жаңа есім». Бұл - өте маңызды жоба. Алдыңғы жылы 100 жаңа есім анықталды. Ол өзінің игіліктерін бергенін байқадық.

 «100 жаңа есім» жобасы жетістікке жеткен, бірақ, таныла жүрмей жүрген азаматтарды насихаттайды.

Екінші кезеңнің ерекшелігі – биыл 100 жаңа есімді үкіметтік емес ұйымдар ұсына алады. Бұл да маңызды. Себебі, былтыр адам өзін ұсынып, дауыс жинады. Биыл үкіметтік емес ұйымдар өз үміткерлерін ұсынып, олардың танылуына әрекет жасауға мүмкіндігі бар. Мұның нәтижесін жақында көреміз.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу