Бүгінде сырқат пен ем-дом ұстасса, алғашқысы жиі жеңіп кететін болды. Бұл дертке дауа табылмағанынан емес, өкініштісі, көбіне адам жанына арашашы болады дейтін ақ халаттылардың қателігінен. Осы жазда Астанада толғақ қысқан 5 келіншек бақилық болып еді. Бас қаладағы ахуал бұлай болса, алыстағы ағайынның «шықпа жаным, шықпа» деп отырғаны түсінікті. Өткен жылдың өзінде медицина қызметкерлерінің олақтығына 3,5 мың адам арызданған.
Шетелде дәрігерлерден жапа шеккен адам арызданып, оның уәжі дәлелденсе, науқасқа қыруар қаржы төлейді. Біздегі ахуал қалай?
Азамат БЕЙБІТҰЛЫ