Мұқасан Шахзадаев: «Нұр-Мұқасан» бренд болып қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұқасан Шахзадаев: «Нұр-Мұқасан» бренд болып қалды

30.10.2018

Әнші, бұрынғы «Нұр-Мұқасан» тобының әншісі Мұқасан Шахзадаев Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

«Астана – бас қала. Бірақ, Алматы - бала күнгі арманым. Елордамызға бала-шағамен келіп тұрамыз.

1 қарашада қазақ эстрадасының мақтанышы Жеңіс Сейдолланың шығармашылық кеші өтеді. Сол кешке шақырту бойынша келдім.

Өмірдің ағынымен Нұрлан екеуміз жеке шығармашылықпен айналысуға кеттік. «Нұр-Мұқасан» бренд болып қалды. Көп адамдар мені әлі де «Нұр-Мұқасан» дейді. Ол есім қалыптасқан, оны өшірмейміз де.

Бизнеске шорқақпын. Продюсер емеспін. Өнерде кейінгі інілеріме көмек беремін. Алматыда студия аштым. Сол студиядан сапалы әндер, талантты жастар шығады деп ойлаймын», - дейді әнші.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу