Полицей қандай болуы керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Полицей қандай болуы керек?

27.10.2018

Пагон таққандардың тентекті тезге салушы ретіндегі алғашқы қадамы 1829 жылы жасалған. Роберт Пиль заңды бес саусағындай білетін азаматтарды жинап, алғаш рет Лондон полициясын құрған. Ал, біздегілердің тірлігі туралы айтарда қай тұсынан бастарыңды білмейсің. Жақсылығын жырлауға тіл жетпей тұрғаны емес, өкініштісі сол, пагон таққан полицей көрсе, біздің қоғам қауіппен қарайды. Бұларды елге тізесін батырушыға балайды. Халықтың күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айрылмауына жауапты қызметкерлерге ел айтқаны аздай, Елбасы да ескертпе жасады. Жолдауда полицей қандай болуы керектігі, қазіргідей тілдей қызметтік құжат ұстап, елге едіреңдемей, естерін жиюы керектігі қатаң ескертілді.

Бүгінге дейін 700-ден астам тәртіп сақшысы қандықол қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан. Алайда, пагон таққан қалғандарының еткен еңбектерінде кеткен кемшілік көп. Жолдағыларының жөні тіптен басқа. 

Жолдағы жұртты тәртіп бұзса жазалайтындардың өздері ережені елемей еліретіні бар. Смартфон шыққалы халық оларды өзінше жазалап жүр, түсіріп алып желіге жүктейді.

Жолда тұрып «жұртты аулап», пара бергенін маңдайынан сипап шығарып салған талай тәртіп сақшысы құрықталды. Тақырыптың тізгіні Азамат Бейбітұлында.

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу