Тәртіп сақшылары неге жиі тәртіп бұзады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тәртіп сақшылары неге жиі тәртіп бұзады?

27.10.2018

Бейбіт күнде басына іс түскен бұқараның қажетіне жарауы тиіс тергеушілерге тоқталсақ. Том-том істі үйіп алып, үй көрмей жүретін пагондылар бар. Қылмыскерлер ағайынға арандай аузын ашпасын деп, халықтың тыныштығы қашпасын деп, көлденең көк аттылардан саспасын деп, шұқшиып қағазға қарап отырғаны. Бірақ, бұл саланың да шикі тұсы көп. 

«Көшедегі жігітті жетектеп әкеліп полицей қыласыңдар, ол кейін әкесінің үйінде жүргендей, жұртқа әкіреңдеп шығады», - деді Президент. Біздегі тәртіп сақшыларының неге жиі тәртіпсіз болып кететініне тоқетер жауап осы. Осы жылдың 26 қыркүйегінде Алматы қаласында Азамат Берістемов есімді 29 жастағы полиция қызметкері өз әріптесін атып өлтірген. БҚО Ақжайық ауданында тағы бір тәртіп сақшысы командиріне суық қару кезеп, шімірікпей атып тастаған. Мұндай мысал мың, пікір пішен. Егер бізді қорғайды деген тәртіп сақшылары бейбіт күнде бір-бірімен атысып, бірі сотталып түрмеге, бірі жан тапсырып мәйітханаға аттанып жатса, жұрттың жүрексінуіне негіз бар ма? Әрине, қараша халық содан қорқады. Біздегі тәртіп сақшыларының осындай халге түсуіне кінәлі кім, кінәрат неден? Еркін Съезұлы сөйлейді.

 

Еркін СЪЕЗҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу