Еліміздегі тәртіп сақшыларының білімі мен білігі қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздегі тәртіп сақшыларының білімі мен білігі қандай?

27.10.2018

«Полицей елге қиянат қылмай, қолғабыс қылсын», деп мемлекет оларға жағдай жасауды әуел баста қолға алған. Олар мемлекеттік қызметкерлер көретін шапағаттың бірінен де қағылып жатқаны жоқ.

Осы тұста көшеде көлік сүзіп, кабинетте қағаз толтырып отырған тәртіп сақшыларының білімі мен білігін тілге тиек етейік. Қазақстанда полицей дайындайтын 10-нан астам оқу орны бар екен. «Соның тек бесеуін қалдырыңдар», - деді Елбасы. Сондай-ақ, «көке-жәкенің» жұмыссыз жүрген еркесіне пагон бермей, заңды бес саусағындай білетін заңгерлерді жұмысқа тарту керегін ескертті. Тағы бір ескертпе мынадай болды:

Нұрсұлтан Назарбаев, ҚР Президенті:

- Батыста 6 айда полиция қызметкерін дайындап шығарады. Заңды жаттатады, елмен жұмыс істеуді үйретеді, содан соң пагонын беріп, қызметке жібереді. Ал, біз 5 жыл оқытамыз. Мүмкін ол жерде ғалымдар дайындап шығарармыз?

Сонымен қатар, Елбасы ІІМ үлкен реформалар жасау керектігін ескертті. Ел алдында «берілген тапсырманы орындадық», деп көзбояушылық қылмай, жұртқа жағатын бастамалар болуы керектігі ескертілді. 

Мемлекет полицейлердің еңбегін ел елеуі үшін тағы қандай бастамалар көтермек? Тақырып тізгіні Гүлжазира Ғалиқызында.

 

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу