Аталатсаң аталат, боталатпа… - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аталатсаң аталат, боталатпа…

25.10.2018

Ата-бабамыз «Аталатсаң аталат, боталата көрме» деген. Адам үшін бауыр еті баласынан айырылудан асқан қайғы жоқ. Сол себепті, басқа түскен қасіреттен ес жиятын жандар көп емес. Баласының қазасынан соң қайғыдан қан жұтып, оңалмай қалатындар да бар. Бұл жағдайдан қалай құтылуға болады? Бүгін «Shanyraq» бағдарламасы осы сұрақтарға жауап іздеді.

Студия қонағы Төлеугүл Әмірхан өз оқиғасымен бөлісті.

«2006 жылы баламнан айырылдым. 12 жыл өтсе де, ол күн ұмытылған жоқ. Ешқандай анаға мұндай жағдай тілемеймін. Қалған бала-шағам, жарым, туғандарымның арқасында қиындықтан өттім. Одан кейін екі баланы дүниеге әкелдім. «Әйелдің қырық жаны бар» дегенді қазақ бекер айтпаған. Кеткен бала, қалған бала үшін де бақытты болуға тиістімін», - дейді қонақ.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу