Қазақстанның жазушысы Ғафу Қайырбековтың туған күніне орай жыл мүшәйрасы өтті. Шараға елімізден 40-тан астам ақын қатысты. Мүшәйрада үздік атанған ақын Әлібек Шегебай Алматы студиясының қонағы болды.
«Жазушы Ғафу Қайырбеков қазақ поэзиясында орыны үлкен. Белгілі жазушының 90 жылдығына орай ұйымдастырылған шарада көптеген ақындар бағын сынады. Алғашқы жүлде менің өлеңіме бұйырған екен.
Одан кейінгі жағымды жаңалығым, жуырда «Ақ жауын» жаңа туындым жарық көрді. Мұндағы өлеңдер әр жылда жазылған, түрлі тақырыпты қамтиды.
Ақынның парызы – өлеңмен, жырмен адамзаттық дүниені адамның жүрегіне еге білу. Әдебиетте жаңалықтар, өзгерістер көп. Жас ақындар қазір ескі формадан шығып, жаңа үлгіде еңбек етуде», - дейді ақын.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.