«Shanyraq». Құмар ойынға ақшасын тігіп, барынан айырылғандардың бірі өз оқиғасымен бөлісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Shanyraq». Құмар ойынға ақшасын тігіп, барынан айырылғандардың бірі өз оқиғасымен бөлісті

15.10.2018

Астана қаласындағы құмар ойындарынан емдеу орталығының мамандары мекемеге келген 300-дей адамға көмек көрсеткен. Құмар ойынға ақшасын тігіп, барынан айырылғандардың бірі бүгін «Shanyraq» бағдарламасына жасырын кейіпкер ретінде қатысты.

«Досымның құмар ойыннан қомақты ақша ұтқанын көріп, мен де қызықтым. Футболға, жарыстарға, басқасына ақша тіктім. Басында ақша ұтып жүрдім. Бірақ, ол ұзаққа бармады. Сосын ата-анамның заттарын тонап, сатып, ойынға тіктім. Отбасымызда ұрыс-керіс басталып, қарым-қатынасымыз бұзылып, үйден кетіп қалдым».

Орталықта емделу үшін кемінде 3 ай, көбі екі жыл уақыт керек екен. Онда түрлі психологиялық сабақтар, тренингтер жүзеге асады. Кейіпкердің шарасы алты айға созылған. Сол уақыттың ішінде құмар ойынның ауру екенін мойындап, өзінің оңала бастағанын айтады. Ата-анасымен де қарым-қатынасын түзеген.

«Теледидардан емдеу орталығы туралы ақпаратты көріп қалдым. Сосын орталыққа хабарласып, емделуге шешім қабылдадым. Жарты жыл болды, нәтижесі жақсы», - дейді кейіпкер.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу