Құмар ойын құрығы: Жастарды ата-анасының ақшасын темір автоматқа салуға не итермелейді?

15.10.2018

Жеңіл жолмен байлыққа жетудің, табыс табудың оңай түрі саналатын құмар ойындардың қоғамда түр-түрі бар. Бұл ойындарды тізбелеуді ойын автоматтарынан бастауға болады. Бұл - адамдарды қызықтыратын, өмірде жеңе алмайтын джекпот. Джекпот алуға жетемін деп, талай ойыншы миллиондаған қаржысын жоғалтты.

Букмекерлік кеңселердегі қызмет бәс тігу арқылы жүреді. Бүгінде спорттың футбол, хоккей сынды түрлерімен қоса, саяси болжамдарға да ақша тігіледі.

Құмар ойынның тотализатор деген түрі бар. Мұндағы жүйе жануарлар қатысатын түрлі бәйгелерге бәс тігу арқылы жүзеге асады. Кімнің бәйгесі оза шапса, оңай ұтыс та соныкі.

Викторина, лотореялық ұтыс ойындары да осы тізімде. Тәуелділікке әкелетін бұл ойындарды құмар ойын деп ойламауыңыз мүмкін. Алайда, 6 ғасыр бұрын пайда болған ұтыс ойындарының да дерті бар.

Карта – құмар ойындарының ең қорқынышты түрі. Ойынханаларда покер ойыны сұранысқа ие. Казинолардағы жүйе күрделі. Таң атып, кеш батқанын білдірмеу үшін бұл жерде терезе болмайды. Ақшаның ең көп жұмсалатын жері де осы. Сондықтан болар, әлемнің көптеген мемлекеттерінде казиноға тыйым салынған.

Ал, біздің елдегі жағдай қандай? Құмар ойынға жол ашатындар қалай құрықталып жатыр? Көпшілік дүкендерде тұрған автоматтарға адамдар неге әуес? Жастарды ата-анасының ақшасын темір автоматқа салуға не итермелейді?

«Shanyraq» бағдарламасына келген мамандар ойларын білдіріп, студия кейіпкері өз оқиғасымен бөлісті.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу