Жапон ұлтының өкілі, қазақ өнерін зертеуші Фуки Яги бүгін «Таңшолпанның» қонағы болды. Фуки Яги 5 жылдан астам уақыттан бері қазақ өнерін зерттеп келеді. Қазақ тілімен қатар, домбыраны үйреніп, халық әндерін орындап жүр.
Сондай-ақ, ол бүгін шақырту бойынша Ұлттық арнаның «Men qazaqpyn» жобасына келді.
«Мен Жапон елінен келдім. Жасым 27-де. 2010 жылы Моңғолия еліне барып, сондағы қазақтардың өмірін, мәдениетін, дәстүрін зерттедім. Одан кейін Қазақстанға келдім. Қазақ елінде қазақ тілін, домбыраны үйреніп, өнерін зерттеп жүрмін. Жапон халқы мен қазақ халқының өнерінде ұқсастықтар көп. Мысалы, қазақтың жетігені жапонның като аспабына ұқсайды.
Ал, тілді үйренуге келетін болсам, қазақ тілін меңгеруде біраз қиналдым. Арнайы сабақ оқыған жоқпын. Тек жұмыста, араласқан ортамда үйрендім. Жапон еліне оралғанда қазақ мәдениеті мен өнерін сонда насихаттайтын боламын», - дейді қонақ.
Фуки Яги «Таңшолпан» студиясында халық әні «Қайран заманды» орындады.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.