Көлік салығы енді «Сергек» камерасы арқылы анықталмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Көлік салығы енді «Сергек» камерасы арқылы анықталмақ

11.10.2018

«Сергек» камералары арқылы енді тұрғындардың көлік салығына берешегі бар-жоқтығы анықталмақ. Астана қалалық ІІД мен бірге Мемлекеттік кірістер комитеті рейдке шыға бастады. Ол бойынша тәртіп сақшылары жол ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатқан кезде оның көлік салығына қарызы бар-жоғы тексеріледі.

Жоба пилоттық режимде ең бірінші Астана қаласында жүргізіледі. Көлік жүргізушінің салық берешегі болған жағдайда хабарлама жеткізіледі.

Статистикаға сәйкес, республика бойынша 734 059 азамат мемлекетке 18,9 миллиард теңге көлемінде салық қарыз. Оның ішінде 80 мыңы Астана қаласына тиесілі. Салық қарызы бар борышкер хабарлама алғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде оны төлеуі тиіс. Оны өтемесе, 30 күн өткеннен кейін сот орындаушыларына хабарлама жіберіледі. Олар заңнамаға сәйкес борышкерге шара қолданады.

Тиісінше борышкерге шетелге шығуына тыйым салынады және банктегі есепшоттары бұғатталады.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу