Шерхан Мұртазаның есімі «Таңшолпан» бағдарламасымен тікелей байланысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шерхан Мұртазаның есімі «Таңшолпан» бағдарламасымен тікелей байланысты

10.10.2018

Алаштың абызы, Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртаза 86 жасында дүниеден озды. Әдебиетіміздің дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ журналистерін қанатының астына алып, елеген, ұлт руханиятына ерең еңбек сіңірген қара нарымыздан айырылып қалдық..

Ол қазақтың мұңын мұңдаған, жоғын жоқтаған қайраткер, ұстаз, Алаштың алып тұлғасы еді.

Қоңыр күзде дүниеге келген қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, шыңдықтың шырақшысы қоңыр күзде дүниеден өтті. 

Жазушының есімі «Таңшолпан» бағдарламасымен тікелей байланысты. 1992 жылы телевизия қызметкерлерінің жиынында сол кезде қазақ телевизиясын басқарған әйгілі қаламгер Шерхан Мұртаза таңғы бағдаралама ашу туралы ұсыныс тастаған. Бұл тапсырма тез арада қолға алынып, бағдарлама атауын «Таңшлолпан» деп қаламгердің өзі қойды.

1992 жылдың 14 желтоқсанында дүйсенбі күні таңғы 07:00-де алғаш рет таңғы бағдарлама эфирге шықты. Сол кезден бастап 26 жыл бойы «Таңшолпан» көрермендермен бірге жасап келеді.

Ұлттық арна ұжымы Шерхан Мұртазаның рухына бас иеді.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу