Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік балалар және жасөспірімдер театры гастрольдік сапармен Елорда төріне келіп жетті.
«Әріптер әлеміне саяхат» атты қойылым Астана балаларын үш күн бойы қуантады.
Осыған орай әнші, актер Ерден Жақсыбеков студия қонағы болып қойылымға, шығармашылығына қатысты сұхбат берді.
«Мамандығым бойынша актермін. Бірақ бала кезімнен әншілікті ұнатамын. Жеке шығармашылығым қалып қоймаса екен деймін.
Қойылымды бірінші Ақтау қаласында көрсеттік. Енді оңтүстік өңірге бару жоспарда», – дейді Ерден Жақсыбеков.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.