Жақында Астананың 20 жылдығына орай Алматыда театр фестивалі өтті. Дода нәтижесі бойынша Астана «Жастар» театры бас жүлдені иеленді.
Осыған орай бүгін «Таңшолпанның» Алматы студиясында Астана «Жастар» театрының директоры, актер Ернар Жұматаев, театр актері Бекжан Керімбаев қонақ болды.
«Астананың 20 жылдығы аясында Алматыда өткен 26-шы театр фестиваліне «Жібек» қойылымын алып келдік. Жеңіске жетеміз деп ойламасақ та, дайындығымыз мықты болды, жеңіске жеттік.
Бұған дейін «Жібек» қойылымы Оңтүстік Корея елінде 38 мюзиклдің ішінде екінші орынды иеленіп келген еді.
Театрымыз он жылдығын атап өтті. Ерекшелігіміз – барлығымыз бір үйдің баласындай еңбек етеміз. Театрдың орны ерекше, актерлері кез келген аспапта ойнай алады. Осы күнге дейін 11 гран-приге ие болдық.
Жақында Ортаазиялық театр фестивалі өтеді. Соған қатыссақ деген үміт бар», - дейді Ернар Жұматаев.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.