Эксклюзивті сұхбат. Қаршадайынан қыран, бүркіт баптап, әлемге әйгілі болған Айшолпан Нұрғайыпқызы және оның анасы «Таңшолпанда». Бұл Айшолпанның атажұртқа табан тіреген кезі. Айшолпан қазақ елі, халқы, өзінің өнері, өмірі туралы сұхбат берді.
«Қазақстанға алғаш келуім. Бұл менің көптен бергі арманым еді. Бүгін арманым орындалып, көңілім толқып отырмын.
Бүркітшілік - 2000 жылдық тарихы бар жеті атамнан бері жалғасып келе жатқан атакәсіп. Бала кезімнен бүркіттермен бірге өстім. Ағам да бүркітші. Ол әскерге кеткенде бүркіттері маған қалды. Содан бастап ата-анамнан бүркітші болуға рұқсат алдым. Бүркітімнің арқасында әлем шарладым. Шетелдік суретшілер келіп сурет, кино түсірді. Елімізге туристер келе бастады.
Болашақта табиғатпен байланысты мамандық алғым келеді», - дейді бүркітші қыз.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.