Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық Өнер академияның Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасына биыл – 10 жыл. Осыған орай Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасының жетекшесі Рамазан Стамғазиев Алматы студиясының төрінде қонақ болып, сұхбат берді.
«Дәстүрлі музыкалық өнер кафедрасы биыл қосымша екі мамандық ашты. Бірі - «Шертер», бірі - «Алтай-Тарбағатай» өнер мектебі. «Алтай-Тарбағатай» өнер мектебінің ерекшелігі – үш ішекті домбырамен айтылады. Бұл үлкен жолға қойылған сала.
Тойлауды Талдықорғанда үлкен оркестрмен бастадық. Ендігісі ел аралап, кафедраның үлкен ұжымы мен шәкірттерімен концерт береміз», - дейді әнші.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.