Елбасының бес әлеуметтік бастамасы аясында «7-20-25» ипотекалық бағдарламасы әзірленіп, қазірде іске асырылып жатқанымен оған қатысты сұрақтар әлі де туындап жатады. Яғни, «шарттары қандай, оны кімдер ала алады, ол үшін өз атыңда үй болмауы керек пе, жаңасымен қатар ескі үйлерден де алуға бола ма?» деген сияқты сансыз сұрақтар.
Бүгінгі хабар баспана мәселесіне арналады. Студия қонағы – «Баспана» ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.