АҚШ, Еуропа елдері тренингтерден кеткелі қашан. Ал, біздің елде бұл үрдіс енді қарқын алуда.
Елімізде 200-ге жуық тренинг орталықтары бар. Бұл тіркелгендері. Ал, тіркелмегені қанша? Оған шет елден келіп, тренинг өткізетіндерді қосуға болады. Барлық жиындар ақылы. Соған қарамастан, тренинг – тренд. Тренинг сән, эпидемияға айналды. Неліктен? Бүгін бағдарлама қонағы болған әлеуметтанушы Салтанат Оразбекова осы сұрақтарға жауап берді.
«Тренингтің екі түрі болады: бизнес тренинг және әлеуметтік-психологиялық тренинг. Бизнес тренингтердің дамуы глобализациялық проблемаларға байланысты. Заман адамдардан белгілі білімді талап етеді. Сондықтан, бизнес тренингтер қажеттілікке ие болып жатыр. Бизнес тренинг – сыртқы қажеттіліктер.
Ал, әлеуметтік-психологиялық тренинг – ішкі қажеттілік. Сондықтан, бұл мәселеге басқаша қарауымыз керек. Ең қауіптісі де осы жерде. Әлеуметтік-психологиялық тренингтердің аудиториясын қарайтын болсақ, көбінесе әйелдер, жастар.
Психологиялық тренингтердің көбеюінің тағы бір факторы – саясат. Психологияның саясаты бойынша адамдарды бір-бірден жинағаннан олар аз келеді. Сондықтан, топтық психология пайда болды. Мысалы, адамдарды бір топқа жинап, бір мәселені талқылау.
Өмір қазір адамға талап көп қоятындықтан, адамның күйзеліске ұшырауы жиілеп кетті. Адамдар тұрақтылық табу үшін осындай тренингтер іздей бастайды. Психологқа бара алмайды, себебі ақысы жоғары және қоғамның көзқарасы да оңды емес. Сол себепті, адамдар өздеріне қолайлы орын іздейді, ол топтық психология», - дейді маман.
Бағдарламаның өзге қонақтарының сұхбатын хабардың толық нұсқасынан көре аласыздар.
Айта кетейік, «Shanyraq» бағдарламасы дүйсенбі-жұма күндері сағат 15:15-те тікелей эфирге шығады.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.