Әнші Мақпал Диханбаева қайда жүр? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Мақпал Диханбаева қайда жүр?

10.09.2018

Ескендір Хасанғалиевтің «Ауылым» әнімен танымал болған әнші өнер әлемінен неліктен қол үзіп кетті?

«Сіз қайда жүрсіз?» айдарының бүгінгі кейіпкері көп әндерімен халықтың есінде қалған әншілердің бірі Мақпал Диханбаева.

Мақпал Алматы облысы Панфилов ауданында дүниеге келген. Бала кезден өнерді жанына серік еткен ол Әл-фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде білім ала жүріп, оқу орындарындағы іс-шараларға белсене араласты. Одан кейін «Муз-арт» продюсерлік орталығында Арман Бексұлтанұлының жетекшелігімен ән жаздырып, сахнаға қадамын бастаған.

«Халық алдында көрінбей кетсем де қазіргі уақытта студияда ән жаздырып жатырмын. Болашақта 6 бейнебаян түсіруді жоспарлап отырмыз. Қыз баланың ең бірінші міндеті – ана болу. Кішкентай екі ұлым бар. Осы уақытқа дейін балаларымның тәрбиесімен үйде отырдым. Жолдасымның рұқсатымен әндерімді айтуға үлкен сахнаға дайындық үстіндемін», - дейді әнші.

8 жылда үйде отырып, Райымбек, Иманәлі балапандарына мейірімі мен махаббатын арнаған Мақпал шығармашылығына білек сыбана кіріспек. Әншінің көрермендермен көрісетін уақыты алыс емес.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу