Құралай Зейнелғабдина: «Жаным менің» телехикаясы кейіпкерлерінің прототиптері өмірде бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құралай Зейнелғабдина: «Жаным менің» телехикаясы кейіпкерлерінің прототиптері өмірде бар

10.09.2018

«Жаным менің» телехикаясының актерлері Ақнұр Рахатова, Қуаныш Бейсеғалиев, режиссер Құралай Зейнелғабдина Алматы студиясының конағы болды.

«Бұл сериал 80-ші жылдары басталған таза, пәк махаббат туралы. Жобаның жетекшісі, авторы Арман Сқабылұлы. Сериалда 80-ші жылдар мен қазіргі уақыт кезектесіп беріледі. 80-ші жылдардағы басты кейіпкерлерді Ақнұр Рахатова, Қуаныш Бейсеғалиев сомдайды. Сериал 10 бөлімнен тұрады. 

Телехикаяда көркем сөздер көп емес пе деген сауалдар болды. Арман ағаның пікірі бойынша көрерменге көркем сөзді құлағына сіңіре беру керек. Алайда көрерменнің өзі де жақсы қабыл алды.

Бұл серил шынайы оқиға желісіне негізделген. Сериалдағы актерлердің прототиптері өмірде бар. Мысалы Серік Абас-шах, Армн Сқабылұлы, өмірден қайтқан Табылды Досымов және де қазіргі уақытта қоғамда жан-жақты қырынан орын алған азаматтар», - дейді режиссер.

«Өмірде болған туынды болған соң кино біз үшін үлкен жауапкершілік және тәжірибе болды. Менің кейіпкерім Жаным санқырлы қыз. Оның бейнесі өзіме жақын болды.

Өзім Жүргенов атындағы колледж бітірдім. Бірақ қазір өзімді өзге қырдан көрейін деп журналист мамандығын алып жатырмын», - дейді Ақнұр Рахатова.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу