Қазір Қазақстанда 3 828 900 жеңіл көлік тіркелген. Оның 2 393 500-і, яки 63 пайызының зауыттан шыққанына 10 жылдан асыпты. Көпті көрген көліктердің келесі тобының қолданысқа енгеніне 7-10 жыл болған. Біздің елде олардың саны 290 000 екен. Ал, жүргізушінің тізгініне түскеніне 3 жылдан аспаған көліктердің үлесі 12,8 пайызға азайған, саны 520 900.
Мамандардың айтуынша, осыдан 3 жыл бұрын Қазақстанда 165 000 жаңа көлік сатылған. Оның 70-75 пайызы несиеге берілген. Ал, 2018 жылдың 7 айында тек 35 000 темір тұлпар салоннан сатылыпты. Осы тұста елдегі ең көне көліктер қай облыста деген заңды сұрақ туады. Тізімде бірінші Жамбыл облысы тұр. Ондағы машиналардың 81,3 пайызының тозығы жеткен. Екінші Алматы облысы, жолда жүйткіген автокөліктерінің 77,5 пайызы ескі. Үшінші сатыда Түркістан облысы. Ең кенже облыстағы жеңіл көліктердің 69,4 пайызы тозған.
Ел көне көлігін жаңаласын деп арнайы орталықтар ашылды. Ол жаққа тозған темір тұлпарын апарған ағайынға арнайы сертификат беріледі. Сол арқылы жеңілдікпен Қазақстанда құрастырылған жаңа автокөлік алуға болады делінген.
Шынын айту керек, сертификатта көрсетілген сома жаңа көлікті бүтін алу тұрмақ бөлшегін алуға жетер-жетпесі екіталай деп сынағандар көп болды. Бұл сын орынды, өйткені, біздің елде құрастырылса да машина бағасы шарықтап тұр. Осы тақырып турасында Гүлжазира Ғалиқызының сюжетінде.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.