Қыркүйектің 5-інде Қанат Ислам «Tungi studio»-да қонақта болды.
Ол орташа жеңіл салмақ бойынша Кариб аймағының үздігі. Әуесқой боксшы ретінде Қытай Халық Республикасы Ұлттық құрама командасының құрамында Пекин Олимпиадасының қола жүлдегері, Чикагода өткен Әлем чемпионатының (2007) және Азия ойындарының (2006) қола жүлдегері. Қытайдың 10 дүркін чемпионы.
2010 жылы атамекені Қазақстанға көшіп келіп,"Астана Арландары" кәсіби клубының мүшесі болып, 2012 жылға дейін өнер көрсеткен.
Қанат 2012 жылы «Арландар» сапынан кетіп, қыркүйекте АҚШ-тың «Nelsons» атты промоутерлік компаниямен екі жылға келісім-шартқа отырған. Ол 15 жекпе-жекте жеңіске жетті. Қазір кәсіпқой боксшы, Нельсон промоутерлік клуб атынан шығып, 12 жекпе-жек өткізіп, 10-ын нокаутпен жеңген.
Лақап аты - Қазақ.
Мамандығы - спортты басқару және зерттеу маманы.
Майами қаласында жаттығады. Оның қазір Дүниежүзілік бокс кеңесінің (WBC) ережесі бойынша әлем чемпионы атағына таласуға мүмкіндігі бар. WBC ережесіне сәйкес Қанатқа рейтингі жоғары 40 боксшыдан озу үшін барлық жекпе-жектерінде жеңіске жетуі керек.
Үздік 15-тің сапына кірген жағдайда жартылай орта салмақтағы қазіргі әлем чемпионы "жеңілмейтін қабылан" деген лақап аты бар АҚШ боксшысы Флойд Мэйуэзермен кездесуі мүмкін.
WBO рейтингіне ілініп, үздік 15-тің қатарына ілінбесе, Мэйуэзер оның жекпе-жекке шығу туралы ұсынысын қабылдамайды. Ал АҚШ боксшысын жеңсе, кәсіпқой бокстың ережесі бойынша Қанат Ислам әлем чемпионы атанады. Қанат Ислам жетінші жолы колумбиялықты жеңді.
Қазір Америкада Мейірім Нұрсұлтан мен Мадияр Әшкеев те жаттығып жатыр,олар кәсіпқой бокстан жекпе-жекке шығып жүргенін еске сала кетейік.
Ол өзімен бірге бағдарламаға Мадияр Әшкеевті ертіп келген.
Естеріңізге сала кетейік, «Tungi studio» бағдарламасы дүйсенбі, бейсенбі күндері сағат 23:50-де жарыққа шығады.