Жастайынан өнерге құштар болып өскен қостанайлық Талғат Молдағалиевтің мақсаты - өз өңіріндегі дәстүрлі ән мектебінің жандануына үлес қосу. Ол бүгін «Қысмет» әнін шырқады.
Мырзатай Жолдасбеков:
- Шынымды айтсам, қанағаттанбадым. Бұл ән - таудан құлап жатқан тасқын секілді айтылатын ән. Сол жағынан келгенде сенің әнді айтқандағы екпінің ойдағыдай болмады. Жеке ойым, ән көкейден шықпады.