«Дара жол» жобасының үшінші маусымының бүгінгі қонағы - ақын, драматург Иран-Ғайып.
Ақын Иран-Ғайып 1947 жылы 7 маусымда Қызылорда облысында туған. Қазақ политехникалық институтының тау-кен факультетін, Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген. Әр жылдары «Жазушы» баспасында редактор, «Қазақ әдебиеті» газеті редакциясында поэзия бөлімінің меңгерушісі, ҚР Білім, мәдениет комитетінің редакциялық-репертуарлық коллегиясының бас редакторы қызметтерін атқарды.
Алғашқы «Жүрек жырлайды» атты жыр жинағы 1974 жылы жарық көрді. Кейін қазақ халқының драмалық-поэзия қорына рухани асыл қазына болып қосылған «Тың құрбаны», «Хайуандық комедия», «Күшігінен таланған», «Мен ішпеген у бар ма?», «Батқан кеменің бейбақтары», «Желжуан», «Құдай қарғағандар», «Жамбылдың қызыл жолбарысы», «Негізгі шаруа», «Қанына тартқан қыңырлар», «Алтын адам», «Алтын ажал», «Киелі күнә», «Хан–Абылай–Сабалақ», «Жәбек-шаған», «Гүл-Нәр», «Театр Романы», «Қорқыттың көрі», «Мауглидің оралуы», «Махамбет», «Қашғария», «Былыққа батқан қала», «Керкеткен» атты драмалық дастандарын жазды.
Ақын 2002 жылы «Қорқыттың көрі» жыр кітабы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
70 жасқа келген қаламгер студияда өткен жастық шағымен, Мұқағали ақынмен бірге өткізген қызық жайттарымен бөлісті.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.