Өткен аптада тәуелсіз қазақтың бас қаласы Астана 20 жылдығын атап өтті. Шыны керек, қазір Астана тұтас әлем көз тіккен құтты орда. Оған дәлел, арқада өткен бірнеше басқосулар, әлемдік саясаттың саңлақтары келген келелі кездесулер, қол қойылған мыңдаған маңызды меморандумдар. Одан бөлек, бастары бір қазанда піспей, істері бір арнаға түспей жүрген елдер де Астанаға келіп, келіссөз жасайтын болды. Бір сөзбен айтқанда, «елдестірмек елордадан».
Бүгінің мен болашағыңды тілге тиек еткенде, өткеніңді ұмыту әбестік. Иісі қазақтың ту тігіп, бір ортаға жиналған бірнеше бас қаласы болғанына тарих куә. «Жеңілген халықтың соры басым, өйткені, тарихты жазуға жеңген халық тапсырыс береді», деген бар. Қазақ кезіккенге кіріптар болмай, өткенін өзі түгендеп келеді.
Орынбор - Алаш астанасы атанған алғашқы қалалардың бірі. Ол жақта да бір қауым қандас бар. Тарихтағы тарландарымыздың табаны тиген үйлер мен қазақ үшін тарихи шешімдер қабылданған ғимараттар көненің көзі боп әлі тұр. Соның барлығын тағы бір шолып, бұрын айтылмай келген көне деректерді көпшілікке жеткізу үшін әріптесім Еркін Съезұлы Орынборға арнайы барып қайтты.
Еркін СЪЕЗҰЛЫ