Заманауи әжелердің әлемі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Заманауи әжелердің әлемі

11.07.2018

«Қарекеттің» бүгінгі тақырыбы – әжелер әлемі. Әжелердің үлгісі ұрпақ үшін өнеге. Солардың бірі 70 жастағы Нәсіп  Төлеген әже.

«8-ші сыныпты бітіргенімде анам ауырып, 9-шы сыныпқа бара алмадым. Совхозда түрлі жұмыстармен айналыстым. 1969 жылы совхоз директоры трактор айдауға оқуға жіберді. Жасың келген соң адам әрине, біресе аяғың, біресе белің ауырады, бірақ мен мойымаймын. Түйе қаққаным болмаса, басқа апатқа ұшырағаным жоқ.

5 ұл, екі қыз, 10 немере, 10 шөберем бар. Қазір жасым 70-те, бұйырса 85-ке дейін руль ұстаймын деп отырмын. Арманға еліктегенім жоқ. Шаруа, отбасымен айналыстым. Балаларымның алдында бақыттымын деп есептеймін. Бала-шағам аман, тату-тәтті болса мен үшін сол бақыт», - дейді Нәсіп  Төлеген.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Хабарламаларға жазылу