24 сағатта үй салатын 3D-принтерінің ерекшелігі туралы не білесіз? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

24 сағатта үй салатын 3D-принтерінің ерекшелігі туралы не білесіз?

09.07.2018

Американдық екі компания 12-24 сағат аралығында үй салуға болатын жаңа жоба ойлап тапты. Жоба 3D-принтердің көмегімен жүзеге асады. 60 ш.м. болатын үйге шамамен 10 мың АҚШ доллары жұмсалады. Принтер қабырғаларды салып біткеннен кейін оның терезе есіктері мен өзге де жұмыстарына бір күнге жетпес уақыт кетеді. Құрастырушылар енді үйдің шатырын салатын роботтар мен қабырға бояйтын дрон жасауды жоспарлап отыр.

3D-принтердің мүмкіндігі мұнымен бітпейді. Италияда 3D-принтерінің көмегімен құрастырылған көлік сатылымға шығады деп күтілуде. Ол екі адамға арналған шағын ғана электрокар. Көлік 57 бөлшектен тұрады және 3 күн құрастырылады. Салмағы 450 келі, жылдамдығы сағатына 70 шақырым. Сатылым құны 2,5 млн. теңгені құрайды.

Одан басқа секундына 50 сурет жасап, су астында суретке түсіретін  экшн-камера туралы не білесіз?

 

Соңғы технологиялар айдарына шолу жасайық!

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен     «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

Хабарламаларға жазылу