Тайвань елінен қазақ тарихына қатысты деректер әкелінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тайвань елінен қазақ тарихына қатысты деректер әкелінді

04.07.2018

Тарих ғылымдарының докторы, шығыстанушы Нұрлан Кенжеахмет бүгін «Таңшолпанда» қонақ болды. Шығыстанушы Тайвань елінің мемлекеттік архивінде қазақ, түркі елдеріне қатысты тың деректермен танысып, елге алып келген. Қонақ тарихи мәліметтердің құндылығымен бөлісті.

«Тайвань елінен Қазақстан ғалымы ретінде ш

ақырту алдым. Биыл наурыз айында барып, мұрағатта төрт ай болдым. Тайвань елінен алып келген деректердің 60 пайызы қазақтарға қатысты. Ол 1725-1912 жылдардағы Қазақ хандығы тұсындағы деректер. Мысалы, қазақтың үш жүзінің басын қосқан Абылай хан заманындағы біраз деректер бар.

Шағатай тіліндегі деректер саны - 45. Тарихи деректерге қатысты ғылыми жұмыс жасау ойда бар. Бұл еңбекті бір жағынан деректану, әрі география жағынан қолдануға болады. Мысалы, Абылай хан тұсында Қазақ хандығының солтүстіктегі жер атаулары кездессе, Шу бойындағы жер атаулары осында кездеседі.

Одан басқа жуырда Германия елінде «Қазақ даласындағы көне қалалар» монографиям жарық көреді», - дейді қонақ.

 

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.   

 

Хабарламаларға жазылу