Астанада Ғалымжан Молданазардың жаңа ән жинағы таныстырылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ғалымжан Молданазардың жаңа ән жинағы таныстырылды

26.06.2018

Ғалымжан эстрадамызға ерекше леп әкелген жандардың бірі. Оның стилі басқалардан тым бөлек. Бүгінде Ғалымжанның өнерін құрметтейтін көрермен аз емес. Ол алғаш АҚШ-та турне жасағандардың бірі. Көктемде Чикаго, Хьюстон, Лос-Анджелес, Нью-Йоркте концерт өткізіп келді. «Есімде бәрі» атты альбомын қалың көрерменге ұсынды. Ал, бүгін Елордаға жаңа ән жинағын ала келді.

Ерболат Беделхан, Молданазар, Әли Оқапов, Сырым атты әншілерді бір топқа жинамақ болғаны естеріңізде болар. Бәлкім тағы бір «91» тобы құрылмақ. Стильдері бір жандар өнер көрсетсе қалай болар еді?

«Сахнада 2013 жылдан бастап жұмыс жасап жатырмын. Біздің бағытымыз  - инди, рок. Төрт-бес бағытты араластырып, әрдайым эксперимент жасаудамыз. Сол үшін нақты бағытты айту қиын.

Биыл біз шағын ғана ән жинағын шығарған болатынбыз.  Алматыда, АҚШ-та сол ән жинақтың тұсаукесері өтті. Бүгінгі күні Астанада тұсауын кесу бұйырды.

Тобымызбен сапа, әуен жағынан тырысып жатырмыз. Жалпы әрі қарай өскіміз келеді», - дейді әнші.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.  

 

Хабарламаларға жазылу