«Қазақстан»  телерадиокорпорациясының «Текетірес» кинотуындысы Қытайдың «CCTV 6» арнасында көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан»  телерадиокорпорациясының «Текетірес» кинотуындысы Қытайдың «CCTV 6» арнасында көрсетіледі

15.06.2018
«Қазақстан»  телерадиокорпорациясының «Текетірес» кинотуындысы Қытайдың «CCTV 6» арнасында көрсетіледі

«Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Текетірес» кинотуындысы Қытайдың Циндао қаласында өтіп жатқан халықаралық кинофестивальде жоғары бағаға ие болды.

Бүгін 15 маусым күні Қытайдың  ең ауқымды «CCTV 6» телеарнасы мен «Қазақстан»  телерадиокорпорациясы арасында «Текетірес»  фильмін Қытай аумағында көрсету үшін келісімге қол қойылды.

Фильм желісі бойынша ҰҚК майоры Рахметов әр түрлі уақытта, әр түрлі аймақтарда террористік әрекет ұйымдастырған экстремистік топтардың ізіне түседі. Бұл оқиғада Қазақстанның ірі қалалары ғана емес, Рахметовтің өз жанұясына да қауіп төнеді. Тергеу жұмыстары барысында бұл әрекеттердің артында халықаралық террористер тұруы мүмкін деген тұжырымға келеді. Нәтижесінде «Халифат сарбаздарын» жеңу мақсатында Қазақстан аумағында ғана емес, шет мемлекеттерге де аттанады. Фильм шынайы оқиғалар негізінде түсірілген.

Кинотуынды «Qazaqstan» телеарнасының эфирінен өткен жылы көрсетілді.  

Телехикаяның барлық бөлімдері 

Хабарламаларға жазылу