Астанада туристер жиі баратын орындарды білесіз бе? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада туристер жиі баратын орындарды білесіз бе?

13.06.2018

Елорданың қонақтары алдымен Астананың бас символы «Бәйтерекке» барады. ЭКСПО қалашығы да туристердің ұнататын жерлерінің бірі.

Елімізде туристердің саны жыл сайын көбейіп келеді. Қаланың танымал әрі көрікті нысандар тізіміне шетелдік меймандар «Бәйтерек», «Хан-Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығын, Ұлттық мұражай, «Әзірет Сұлтан» мешіті мен ЭКСПО қалашығын жатқызып отыр.

Былтыр қазақ еліне саяхаттап келген туристердің саны рекордтық көрсеткішке ие болған еді. Осыдан-ақ отандық туризмнің дамып келе жатқанын білуге болады.

 

Ал, сіз қандай жерлерді білесіз?

 

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу