Астанада «Етікші» атты пәлсапалық драманың премьерасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада «Етікші» атты пәлсапалық драманың премьерасы өтті

11.06.2018

Күні кеше Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрының ғимаратында «Етікші» атты пәлсапалық драманың премьерасы мен «Таға» атты жаңа театрдың тұсауы кесілді.

Астана қаласы Мәдениет және спорт басқармасының қолдауымен қойылған тұсаукесер өте әсерлі болды. Жаңа туынды драматург Саят Қасымбектің «Етікші» драмасының желісі бойынша сахналанды.

Ақылдының да, ақымақтың да аяғында аяқ киім бар. Ал, адамдардың аяғындағы аяқ киім арқылы олардың жасаған жақсы, жаман істерін ажыратуға болады. Оны ажырата алатын – етікші. Өмірдегі түрлі жақсылық пен жамандыққа бой алдырған адамдардың аяқ киімімен сөйлесе отырып, етікші етік иелерінің мінез-құлқын көрермендерге хабардар етеді.

Осындай астарлы ойды жеткізуді мақсат ететін спектакльдің қоюшы-режиссері Бекболат Құрманқожаев, қоюшы-суретшісі Жанна Омарова.

«Туынды толық жетілу үшін алдағы уақытта әлі де шығармашылық ізденісті қажет етеді», - дейді актерлер.

 

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

 

Хабарламаларға жазылу