Мүгедек жандарға мемлекеттің жақын болашақта жасар қандай жеңілдіктері бар? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мүгедек жандарға мемлекеттің жақын болашақта жасар қандай жеңілдіктері бар?

09.06.2018

Қоғам мүгедек деп білетін жандардың мүмкіндігі соншалықты шектеулі еместігін ескерген абзал. Кейде ерекше жандардың тындырған тірлігін дені сау адамдардың атқара алмайтыны бар. Мәселен, атақты физик, биыл өмірден өткен Стивен Уильям Хокинг 1985 жылдан бері сөйлеу қабілетінен айрылған. Алғашында оң қолының бір саусағы ғана істесе, кейін тек ұртының бұлшық еттері қозғалысқа қабілетті боп қалған. Соның өзінде арнайы датчик арқылы адамдармен пікір алмасып, 10-нан астам кітап жазған. Стивен Хокингтің «Уақыттың қысқа тарихы» атты туындысы әлемдік бестселлер тізімінде ең көп сұранысқа ие кітап ретінде 237 апта тұрған. Бұл - рекорд. Тағы бір қайраткер Эрик Вайхенмайер. Екі көзі мүлде көрмейтін америкалық альпинист әлемдегі ең биік 7 шыңды бағындырған. Бастысы, мүмкіндігі шектеулі жанға қоғам мен мемлекет жәрдем жасаса, олардың алар қамалдары жетеді. Тағдыры тым ауыр сынақ берген жандарға біздің мемлекеттің жақын болашақта жасар қандай жеңілдіктері бар?

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу