Маман кеңесі: Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маман кеңесі: Менингококк инфекциясынан қалай сақтануға болады?

07.06.2018

Бүгінде елімізде менингит мәселесі өзекті болып отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, осы уақытқа дейін осы инфекциядан 12 адам көз жұмды.

Дәрігер-инфекционист Гүлжанат Елтайқызы менингит, менингококк инфекциясы, оның алдын алу, емдеу туралы сөз қозғады.

 

«Менингит – ми қабықшасының қабынуы. Оның түрлері өте көп. Бірі - менингококк жұқпасы. Бұл жағдайда сау адам өзі ауырмаса да, тасымалдаушы болады. Менингит тұмаудың асқынған түрі емес, бактерия.

Менингит ауруына шалдықандағы клиникалық белгілер: дене қызуының көтерілуі, бас ауыруы, құсу, денеде бөртпенің пайда болуы. Алайда, ол барлығында кездеспейді. Менингит жаңа ауру емес. Меніңше, бактерия күшейді. Демек, бактерияның антибиотиктерге тұрақтылығы артты. Сонымен қатар, адам иммунитетінің төмендеуі оның күшеюне әсерін тигізеді. Бұл аурумен көбінесе балалардың тіркелуі осыған дәлел.

Алдын алу шараларының бірі – адам көп шоғырланатын жерлерге бармау. Ал, барған күнде медициналық масқа тағып, оны екі сағат сайын ауыстыру. Бетпердені далада тағудың қажеті жоқ. Өйткені, бактерия 37 градуста өмір сүрмейді. Сондай-ақ, бөлме, пәтер, офистерді желдетіп, тазартып тұру керек.

Вакцина салуға қатысты айтарым, жаппай бәріне салынады деп ойламаймын. Өйткені, вакцина салу үшін республика деңгейінде науқастардың саны аз, екіншіден ақылы. Мемлекет ақысына салу үшін республика бойынша науқастардың саны көп болу керек. Қазір вакцина тек шетелге шығатындарға ғана салынады.

Вакцинация жасалған күнде де үш апта күту керек. Ағзада «антитела» пайда болады. Осы 21 күнде ауруды жұқтырып алмауға кім кепіл? Оның үстіне, вакцинация аурудың алдын алады деп 100 пайыз айтуға болмайды», - дейді дәрігер.

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу