Динара Сұлтан: Өнер мен отбасылық өмірді қатар алып жүруге тырысамын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Динара Сұлтан: Өнер мен отбасылық өмірді қатар алып жүруге тырысамын

30.05.2018

Бүгін «Таңшолпан» таңғы бағдарламасының Алматы студиясында әнші, түрлі халықаралық байқаулардың жүлдегері Динара Сұлтан қонақ болды. Жуырда 5 баланың анасы атанған әнші өнердегі, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

 

«5 рет ана атанғаныма әлі сенбей жүрмін. 3 қыз, 2 ұлым бар. Есімдерін көбінесе әкесі қояды. Соңғы баламызға әжесі Мәди деген есім берді. Осы бес баламды жеткізіп, білім берсем деймін.

Кішкентай баламен шығармашылықты жалғастыру оңай емес. Сонда да кішігірім концерттерге баруға, өнер мен отбасылық өмірді қатар алып жүруге тырысамын.

Қазір әлеуметтік желінің уақыты болған соң, көбінесе сондамыз. Мені неше түрлі адамдар оқиды. Сондықтан ақыл тоқтатқан әйелдің ойларын жазғым келеді. Жастарға кеңесім – барлық салада мүмкіндік өте көп. Сондықтан дұрыс пост жазып, дұрыс бағыт бергім келеді.

Әр таңды дұрыс бастау керек. Мысалы, жақсы көңіл күй. Одан кейін серуендеп, дұрыс тамақ ішіп, одан кейін жұмыстарға кірісуге болады.

Араб елінде 5 жыл тұрдық. Олар патриот халық. Басқа елдің әншілерін жолата бермейді. Сахнаға шығу үшін біріншіден араб тілін білу керек. Сондықтан баламен үйде отырдым. Бірақ Дубайда жүріп-ақ ән жазып, бейнебаян түсірдім. Арасында Алматыға келіп бейнебаян түсірдім. Әндерімді көбінесе өзім жазамын», - дейді әнші.

 

Толық нұсқа

 

Хабарламаларға жазылу