Құрылыста зардап шеккен қандастардың құқығы мен компаниялардың міндеттері қандай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Құрылыста зардап шеккен қандастардың құқығы мен компаниялардың міндеттері қандай?

26.05.2018

Құрылысшылардың қауіпсіздігі  - бұл да маңызды мәселелердің бірі. Төбесі бұлтқа тиген ғимараттар қаншалықты көп соғылса, соншалықты жұмыс күші талап етіледі. Бұл заңдылық. Тәртіп бойынша, құрылыс компаниялары топырақ тастайтын қызметкерлерінен бастап, тас қалайтын, тіптен, биікте еңбек ететін азаматтардың бәрін заңды түрде жұмысқа алуға, еңбек келісімшартын жасауға міндетті.

Оның ішінде, қандай да бір оқыс жағдай орын алып құрылысшы қаза тапса, төленетін өтемақы мен мүгедек болып қалған адамға берілетін емақысы көрсетілуі шарт.

Мәселен, Еуропада  таң атысы кеш батысы темірді темірге жапсырап, көз жанарын суалтып отыратын дәнекерлеушілердің қызметтен соң денсаулығын қалыпқа келтіруіне бөлек ақша төленеді екен. Құрылыста зардап шеккен қандастардың құқығы мен компаниялардың міндеттері туралы Гүлжазира Ғалиқызы айтады.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу