Есірткіге тәуелділік. Тыю үшін қандай тәртіп керек? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Есірткіге тәуелділік. Тыю үшін қандай тәртіп керек?

19.05.2018

Қазір әлемнің 41 елінде алкогольді ішімдіктерге мүлдем тыйым салынған.

Иран, Иордания, Біріккен Араб Әмірліктерінде алкоголь сатқандарды ел алдында масқаралайды, тіптен өлім жазасына да кеседі. Швеция, Норвегия, Данияда «ішімдіксіз қала» шарасы өтеді. Әр мекен апталап арақтан ада болады.

Ал, біздің ел әзірге заңсыз әкелінген, жертөлелерде жасалған ішімдіктерді шағып, қоқысқа лақтырумен шектеледі. Бірақ, қазір заң қатаюда.

Тағы бір мәселенің бірі - есірткі. 1987 жылдың 7 желтоқсанында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясына мүше мемлекеттер есірткіден азат халықаралық қоғам құруды жөн деп тапты. 26 маусымды Халықаралық нашақорлықпен күрес күні деп атады. Бірақ, әлемде жылына 3700 тонна есірткі қолданылатынын ескерсек, күресуге күш келмей тұрғанын аңғарамыз. Адам атаулының бір жылда шеккен, еккен 3700 тонна есірткісінің 340 тоннасы таза героин екен. Ғалымдар «Бұлай кете берсе, адамзатқа ақырзаман тым ерте келеді», -деп тұжырым жасады.

Қазақстандық құқық қорғаушылар жыл сайын ел аумағындағы есірткі өсетін алқаптарды өртейді. Нашақорларға апиын тасығандарды тұтқындап, жазаға кеседі. Бірақ, неге жас пен кәрі есірткіге құмар? Мұны тыю үшін тағы қандай қатаң тәртіп керек? Осы тақырып жайында толығырақ  Сәбит Әлдебайдың материалында.

«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын AppStore және Play Market сервистерінен тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу