«Global Challenges Summit 2018» XI Астана экономикалық форумының «Бірыңғай экономика әлемі» сессиясының қатысушысы Цзинь Лицюнь бүгінгі жиында Қазақстан экономикасына қатысты пікірін білдірді.
Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің директоры Қазақстанның аталмыш банкпен ынтымақтастығы экономикалық потенциалын жоғарылатуға мүмкіндік беретінін атап өтті.
«Біздің армандауға мүмкіндігіміз бар. Біз барлығымыз қандай да бір әрекет жасауға тиістіміз. Біз әлем елдері арасындағы физикалық және орталық байланысты жақсартуымыз керек. Байланыс бұл гүлдену мен кедейшіліктен қол үзу. Экономикалық дағдарыспен бетпе-бет кезікпеу үшін біз тұтынып қана қоймай, инвесторлық етуіміз керек. Қазақстан Еуропа мен Азияның ортасында орналасқан. Экономикасы Н.Назарбаевтың жетекшілігімен жақсы дамуда. Біздің банкпен тығыз байланыс арқылы қазақ елі экономикалық потенциалын жоғарылата алады. Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі көпбағыттылығы арқылы Азия елдерінің дамуын нығайту үшін барлық мүмкіндікті жасауда» , - деді Цзинь Лицюнь.
Фатима Нургалиева