«balapan» көрермендері енді түрік халқының үздік өнімдерін тамашалай алады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«balapan» көрермендері енді түрік халқының үздік өнімдерін тамашалай алады

16.05.2018
«balapan» көрермендері енді түрік халқының үздік өнімдерін тамашалай алады

Бүгінгі TRT Çocuk - телеөнімдерін халықаралық теленарыққа шығарған, шет мемлекеттер франшиза құқын алып, өз тілінде сөйлетуге құлықты, бәсекеге қабілетті, 24 сағат хабар тарататын балаларға арналған дара арна.

«balapan» арнасының бас продюсері Сандуғаш Баймаханқызы Стамбулда түркиялық TRT Çocuk телеарнасының директоры Бекир Йылдызжымен кездесті. Екіжақты келіссөздер нәтижесінде «balapan» көрермендері де енді бауырлас түрік халқының үздік өнімдерін тамашалай алатын болды. Сонымен қатар, кездесуде «balapan» телеөнімдерін түркиялық көрермендерге ұсыну мәселесі де сөз болды.

Бұдан бөлек, екі балалар арнасы арасындағы ынтымақтастықты арнайы меморандуммен бекіту, маман, сәйкесінше тәжірибе алмасу, ортақ жобалар жүргізу секілді бірнеше мәселеде оң келісімге келді.

Хабарламаларға жазылу