Бүгін Ұлттық арнада алғаш рет «Әл-Фараби – екінші ұстаз» деректі фильмі көрсетіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арнада алғаш рет «Әл-Фараби – екінші ұстаз» деректі фильмі көрсетіледі

16.05.2018

Осыған орай Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жанындағы «Әл-Фараби» орталығының директоры Жақыпбек Алтайұлы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Телерадиокешенінің директоры Дәурен Мұхамеджанов Алматы студиясының қонағы болды.

Студия қонақтары деректі фильм туралы толығырақ баяндап берді.

«Әл-Фараби – екінші ұстаз» деректі фильмін 2014 жылы нидерландтық кинокомпания түсірген. Ол Қазақстан, Түркия және Испания мемлекетінде түсірілді. Өткен жылы Университетімізде қызметкерлермен бірлесе отырып, фильмді қазақ тіліне аударуды шештік.

Жылдың соңында Ұлттық арнаның басшылығымен меморандумға отырып, енді бүгін Қазақстанда алғаш рет бұл фильм қазақ тілінде көрсетіледі. Фильмнің ерекшелігі - әл-Фарабиға еуропалықтардың көзқарасы. Әр мемлекет әл-Фарабиді өзінше таниды. Мысалы, қазақтар толыққанды фильм түсірген жоқ. Ол олқылықтың орнын жабу үшін қазақ аудиториясының арасында кеңірек насихаттау керек. Мысалы, шетте шыққан фильмдерді қазақша дубляждау», - дейді қонақтар.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу