Ұлықпан Жолдасов: 50-ден асқанда қоныс аударған оңай емес екен - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлықпан Жолдасов: 50-ден асқанда қоныс аударған оңай емес екен

16.05.2018

Әнші, композитор Ұлықпан Жолдасов пен «Самал» тобы «Таңшолпан» бағдарламасының қонағы болды.

«1975 жылдары әкем және оның достары «Самал» тобын құрған екен. Сол кезде кім бірінші балалы болады, сол баланың атын Самал деп қоямыз деп келіскен екен. Алайда, уақыт өте келе әркімнің әжесі, атасы балаға ат қойып, Самал есімі ұмытылып кеткен. 10 жылдан кейін дүниеге мен келдім. Менің есімімді Самал деп қойды. Бала күнімде әрине, ренжідім. Кейін құлағым үйреніп кетті. Қазір өзіміздің тобымыз осылай аталады. Осылайша, әке жолын жалғастырып келеміз», - дейді топ мүшесі Самал.

 

«Самал» тобының және қазіргі эстрададағы бірнеше жас әншілер мен топтардың продесі Ұлықпан Жолдасовтың шығармашылығына биыл - 35 жыл. Осыған орай композитор өз пікірін білдірді.

«Қазіргі уақытта Астанаға қоныс аудару жұмысы жүріп жатыр. 50-ден асқанда қоныс аударған оңай емес екен. Алматыда 21 жыл тұрдым. 50 жылда – ел жаңа. Біраз өзгеріс керек деп ойлаймын.

Жақында Батыс Қазақстан қалаларында концерт бердім. Осы уақытқа дейін жасаған біраз жобаларым бар. Болашақта халыққа сол еңбектерімді көрсетсем деп ойлаймын»,- дейді әнші.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу